Ресей АҚШ-тағы елшісін қайтарып алды

Ресей АҚШ-тағы елшісін қайтарып алды

Ресей АҚШ-тағы елшісін қайтарып алды
ашық дереккөзі
Ресейдің Вашионгондағы елшісі Сергей Кисляк елге оралады. 10 жыл бойы елшілікте болған Кисляктың қызметтен кетуіне Кремльдің америкалық сайлау науқанына араласуы төңірегіндегі жанжалдың өршуі түрткі болды. Бұл туралы BuzzFeed инернет-басылымына сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 
Кисляк шілденің ортасында кетеді, 11 шілдеде оның қызметтен кету құрметіне арналған банкет Ақ үй маңындағы St.Regis қонақ үйінде болады. Америкадағы демократиялық процестерді ресейліктердің бұзуына қатысты тергеу жүргізе бастаған Конгресс комитеттері дипломат қызметіне де шүйліккен. Кисляк кейін Бас прокурор болған сенатор Джефф Сешнспен, президент Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнермен кездескен. Жүздесуде Ақ үй мен Кремль арасында құпия байланыс көздерін ашу мәселесі талқыланған. Сешнс де, Кушнер де бұл кездесулер туралы дер кезінде хабарламаған. Мамыр айында Мемлекеттік думаның халықаралық істер жөніндегі комитеті СІМ басшысының орынбасары Анатолий Антоновты АҚШ-тағы Ресей елшісі қызметіне ұсынды.