Алматы облысынан 9 872 түлек ҰБТ тапсырады

Алматы облысынан 9 872 түлек ҰБТ тапсырады

Алматы облысынан 9 872 түлек ҰБТ тапсырады
ашық дереккөзі
Алматы облысында ұлттық бірыңғай тестілеуді 9 872 мектеп бітіруші тапсырады. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың төрағалығымен селекторлық режимде өткен жиын барысында белгілі болды. Жиында ҰБТ-ға дайындық және оны өткізу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін облыс көлемінде енгізуге қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мәселелері қаралды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлова өңірде ҰБТ 20-шы маусымда басталып, 25-ші маусымға дейін жалғасатынын айтты. Л. Базарқұлованың хабарлауынша, облыстағы 14268 түлектің 9872-сі ҰБТ-ға кіреді. Ертең тестілеу өңірдің 6 ауданында - Ақсу, Қарасай, Жамбыл, Іле, Балқаш, Талғар аудандары мен Қапшағай қаласында басталады. Тестілеу пункттерінде 142 аудитория дайындалып, 19-ы резервке әзірленген. Түлектерді тасымалдау, жатын орынмен, тамақпен қамтамасыз ету шаралары қарастырылған. Қазіргі кезде облыстың барлық аудандары мен қалалары тестілеуге толығымен дайын.