Youtube экстремистік контентке бақылауды күшейтті

Youtube экстремистік контентке бақылауды күшейтті

Youtube экстремистік контентке бақылауды күшейтті
ашық дереккөзі
Google компаниясы өз қарамағындағы YouTube видеохостингінде экстремистік бағыттағы бейнероликтердің таралуына қарсы күресті күшейтеді. Бұл туралы кеше корпорацияның ресми мәлімдемесінде айтылды. Компания терроризмді насихаттауға бағытталған және өзге де экстремистік сипаттағы контентті автоматты түрде анықтап, өшіретін құралдарын жаңартып, жетілдіреді. Сондай-ақ Google мұндай видеоларды анықтаумен айналысатын қызметкерлер санын арттыруды да көздеп отыр. Бұдан бөлек, компания өкілдері интернет желісінде экстремистік материалдардың таралуына қарсы күрес жүргізіп отырған қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық орнатуға уәде берді. «Экстремистер мен терроршылар біздің қауіпсіздігімізге нұқсан келтіріп қана қоймай, қоғамға ашықтық әрі еркіндік беретін құндылықтарымызды да жойғысы келеді. Біз оған жол бермейміз», – делінген компанияның мәлімдемесінде.