Ресей Байқоңырдан тағы бір Протон ұшырды

Ресей Байқоңырдан тағы бір Протон ұшырды

Ресей Байқоңырдан тағы бір Протон ұшырды
ашық дереккөзі
Ресей Байқоңыр ғарыш айлағынан кезекті «Потон М» зымыранын ұшырды деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі Роскосмосқа сілтеме жасап. РИА Новости агенттігінің мәліметінше, Ресей Федерациясының «Протон М» зымыраны бір жылдық үзілістен кейін, бүгін ғарышқа америкалық «Еchostar-21» байланыс спутнигін алып шықты. Естеріңізге салайық Роскосмос Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон М» зымырандарының әуеге көтерілген тұста жарылып кетуіне байланысты 2016 жылдың 9 маусымында ұшыруын тоқтатқан болатын. «Протон М» зымыраны Кеңестер одағы кезін есептемегенде Қазақстан аумағына 1999 жылдан бері құлап келеді. Соңғы рет «Протон М» зымыраны ел аумағына 2015 жылы 16 мамыр күні құлаған болатын.