«Тіл шебері – 2015» жастар арасындағы республикалық конкурсы

«Тіл шебері – 2015» жастар арасындағы республикалық конкурсы

«Тіл шебері – 2015»  жастар арасындағы республикалық конкурсы
ашық дереккөзі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) жастар арасында «Тіл шебері» республикалық байқауын (бұдан әрі - Байқау) жариялайды.

Мақсаты: Үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметші жастарды  анықтап, қолдау. Үштілділікті насихаттау,  іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді жастардың меңгеру деңгейін анықтау.

Міндеттері: Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру; тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру; жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу; тіл мәдениетін жетілдіру.

Шарты: Конкурсқа ұлтына қарамастан 21 мен 30 жас аралығындағы  жастар қатыса алады.

 Конкурс үш аталымнан тұрады:

«Мәдениеттаным» – қазақ халқының салт-дәстүрі, ділі мен тілі жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру;

«Ұлттаным» – қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс, ағылшын тілдерінде жауап беру;          «Өнертаным» – 7 түрлі жаңылтпашты жаңылмай 3 рет айтудан жарысқа түсу.

Киім кию тәртібі:

I аталымда – қазақ халқының ұлттық киімі; II аталымда – классикалық стиль;  III аталымда – еркін.

Үміткерлер өнерін бағалау кезінде: тілдерді меңгеру деңгейі; жауаптың орамдылығы мен сапасы; жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігі; үш тілде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуі; сахналық мәдениеті ескеріледі.

Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Комитет анықтайды. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, педагогика  салаларының  ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнердің беделді қайраткерлерінен тұрады. Сандық құрамы 5-7 адамнан аспауы тиіс. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасының жұмысына төраға басшылық жасайды, шешім шығарады және шығарылған шешім үшін жауапты болады. Хатшы қазылар алқасының шешімі бойынша хаттаманы ресімдейді.

Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес дипломдармен, алғысхаттармен және де ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Мекенжайымыз: Астана қаласы,  Орынбор көшесі 8-үй, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті. Байланыс телефондары: 8(7172) 74-04-56, 74-05-10, 74-05-09 (тел/факс)


Положение

республиканского конкурса среди молодежи «Тіл шебері – 2015»

 

Комитет по развитию языков и общественно-политической работы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан объявляет республиканский конкурс в среди молодежи «Тіл шебері» (далее - Конкурс).

Цель конкурса:    поддержка и выявления молодых государственных служащих в совершенстве владеющих тремя языками – казахским, русским и английским. Популяризация трехязычие, определения уровня владения молодежью языками как средством делового и международного общения.

Задачи конкурса: Реализация языковой политики в Республике Казахстан, стимулирование и поощрение интереса к овладению языками, воспитание всесторонне развитой, конкурентоспособной личности, совершенствование культуры речи.

 Условия: В конкурсе могут принять участие молодежь в возрасте от 21 до 30 лет.

Конкурс состоит из 3-х туров: «Культуроведение» - ответы на казахском языке на вопросы о традициях и обычаях, языке казахского народа;

«Познание нации» - ответы на русском и на англииском языке на вопросы об истории и великих личностях казахского народа, о казахской земле и ее регионах;

«Искусствоведение» участники конкурса должны 3 раза бегло повторять 7 видов скороговорок

Требования к одежде:1-2 тур – казахский национальный костюм; 3 тур – классический стиль; 4 тур – свободный стиль.

При оценке знания и мастерства конкурсантов учитываются: уровень владения  языками; качество  и  правильность ответа; особенность  и  содержательность ответа; выразительное чтение художественного текста; правильность произношения орфоэпических норм на трех языках; учитываются манера поведения, правильное использование предоставленного времени.

Для оценки работы участников конкурса и определения победители и призеров создается жюри. Состав жюри предлагает Комитет. Состав жюри  формируется из числа ученых сферы языка, литературы, педагогики, представителей интелегенции, авторитетных деятелей культуры, искусства. Численный состав жюри не должен превышать 5-7 человек. Состав жюри состоит из председателя и членов жюри. Председатель жюри руководит ее деятельностью, принимает  и несет  ответственность за решением жюри. Секретарь по решением жюри оформляет протокол.

Победители конкурса будут награждены дипломами и ценными призами в соответствии по решением жюри.

 Наш адрес: г. Астана, ул. Орынбор 8, подъезд 15, Комитет по развитию языков и общественно-политической работы Министерства культуры и спорта РК.  Контактные телефоны: 8(7172)74-05-10, 74-04-56 (74-05-09)