«Абай оқулары» республикалық байқауының ережесі

«Абай оқулары» республикалық байқауының ережесі

«Абай оқулары» республикалық байқауының ережесі
ашық дереккөзі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстанның этнос жастары өкілдері арасында «Абай оқулары» республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) жариялайды.

Байқаудың мақсаты: қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту. Байқау қазақ тілінде өтеді. Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – облыстарда және Астана, Алматы қалаларында ағымдағы жылдың ақпан-тамыз айлары аралығында өтеді. Бірінші кезеңнің жеңімпаздары туралы толық мәлімет 2015 жылғы 10 тамызға дейін Комитетке жолданады. Екінші кезең – республикалық байқау, Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында ағымдағы жылғы қыркүйек-қазан айларында өтеді. Байқауға көркем сөз оқу және ән айту шеберлігін қатар игерген        16-22 жас аралығындағы Қазақстанның этнос өкілдері қатысады. Жергілікті тілдерді дамыту басқармалары облыстық, Астана және Алматы қалалық байқауларының жеңімпаздарына республикалық кезеңге қатысу үшін жолдама береді. Байқауды өткізу шарттары. Көркемсөз оқу шеберлігін айқындау: - Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа мәнерлеп оқу. Орындау уақыты 3-4 минуттан аспауы тиіс; - М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа орындау  (3-4 минут). Әншілік қабілетін таныту: Халықтың және Абайдың әндерін орындау (1 ән). Уақыты 3-5 минуттан аспауы тиіс. Үміткерлер өнерін бағалау кезінде: - көркем мәтінді талғау және оқу шеберлігіне; - қазақ тілінде орфоэпиялық нормаларын сақтап сөйлеуіне; - ән орындау шеберлігіне; - сахналық өнер көрсету мәдениетіне және қазақтың ұлттық киім үлгісіне назар аударылады. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Комитет анықтайды. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, педагогика салаларының ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнердің беделді қайраткерлерінен тұрады. Сандық құрамы 5-7 адамнан аспауы тиіс. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасының жұмысына төраға басшылық жасайды, шешім шығарады және қазылар алқасы шығарған шешім үшін жауапты болады. Хатшы қазылар алқасының шешімі бойынша хаттаманы ресімдейді. Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Мекенжайымыз: Астана қаласы,  Орынбор көшесі 8-үй, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті. Байланыс телефондары: 8(7172) 74-04-56, 74-05-10, 74-05-09 (тел/факс).
 

ПОЛОЖЕНИЕ

республиканского конкурса «Абай оқулары»

Комитет по развитию языков и общественно-политической работы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан (далее – Комитет) объявляет республиканский конкурс «Абай оқулары» (далее «Конкурс») cреди молодых представителей этносов Казахстана. Цель конкурса: популяризации государственного языка, путем пропаганды художественной ценности, богатства словарного запаса казахского языка через произведения Абая, также привития  нтереса  к казахскому языку и литературе, культуре через  творчество Абая и укрепление духовного единства казахстанцев. Конкурс проводится на  казахском  языке. Конкурс состоит из  двух этапов. Первый этап – пройдет в областях городах  Алматы, Астана  проводится с  апреля  по  августа текущего года. Сведения о победителях первого тура направляется в Комитет до          10 августа 2015 г. Второй этап – республиканский, проводится в рамках фестиваля языков народа Казахстана в сентябре т.г. К участию в конкурсе приглашаются представители этносов Казахстана в возрасте от 16 до 22 лет, владеющие мастерством художественного чтения и песенного искусства. Местные управления по развитию языков дают направления для участия в республиканском этапе конкурса победителям  областных и городских (г. Астана и Алматы) туров конкурса. Условия проведения  конкурса: Мастерство художественного чтения: - выразительное чтение наизусть произведений Абая (поэтические произведения, связанные с темой образования, науки и исскуства или слова-назидания). Время  исполнения не более 3-4минут; - декламация наизусть  фрагмента из романа «Путь Абая» М.Ауэзова. Время исполнения не более 3-4 минут. Песенное искусство: - исполнение народные песни и песни Абая (1 песня). Время не более  3-5 мин. При оценке мастерства конкурсантов учитываются: - мастерство чтения и оригинальность выбора художественного текста; - соблюдение орфоэпических норм казахского языка; - манера исполнения песни; - сценичность и культура исполнения, национальный казахский костюм. Для оценки работы участников конкурса и определения победители и призеров создается жюри. Состав жюри предлагает Комитет. Состав жюри  формируется из числа ученых сферы языка, литературы, педагогики, представителей интелегенции, авторитетных деятелей культуры, искусства. Численный состав жюри не должен превышать           5-7 человек. Состав жюри состоит  из председателя и членов жюри. Председатель жюри руководит ее деятельностью, принимает  и несет  ответственность за решением жюри. Секретарь по решением жюри оформляет протокол. Победители конкурса награждаются дипломами, благодарственными    письмами и денежными премями в соответствии по решением жюри. Наш адрес: г. Астана, ул. Орынбор 8, подъезд 15, Комитет по развитию языков и общественно-политической работы Министерства культуры и спорта РК.  Контактные телефоны: 8(7172)74-05-10, 74-04-56 (74-05-09)