"Саламатты Қазақстан" пойызы үш мыңнан астам тұрғынға стамотологиялық көмек көрсетті

"Саламатты Қазақстан" пойызы үш мыңнан астам тұрғынға стамотологиялық көмек көрсетті

"Саламатты Қазақстан" пойызы үш мыңнан астам тұрғынға стамотологиялық көмек көрсетті
ашық дереккөзі
«Саламатты Қазақстан» және «Денсаулық» медициналық пойыздары елімізді аралауын жалғастыруда. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өз жұмысын 2017 жылдың 1 маусымынан бастап Шығыс Қазақстан облысының Новоустькаменогорск станциясында жалғастыратын болады. 2017 жылғы 6 қарашаға дейінгі уақытта «Саламатты Қазақстан» дәрігерлері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарындағы 97 станцияны қамтиды деп жоспарлануда. Бүгін «Денсаулық» медициналық пойызының дәрігерлері қабылдауды Атырау облысының Нарын станциясынан бастап жалғастырады. Бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылғы 21 желтоқсанға дейінгі уақытта Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан,Жамбыл, Алматы облыстарының 113 станциясын қамтиды деп жоспарлануда. 2010 жылы жұмысын бастаған медициналық пойыздар медициналық көмек дамымаған шағын станциялар мен жол айрықтарына жақын орналасқан елді мекендердің азаматтарына дәстүрлі түрде қызмет көрсетеді. Медициналық пойыздарда облыстық көлемдегі клиникалар деңгейіндегі жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі. Пойыздардағы медициналық қызметкерлер станциядан ондаған шақырым жерде төсек тартып жатқан пациенттерге қажетті медициналық көмек көрсетуге бірнеше рет шыққан. Пойыздар барлық қажетті диагностикалық аппаратуралармен және ҚР ІІМ ТЖ комитетінің «Апаттар медицинасы темір жол госпитальдары» АҚ-ның 18-ден астам дәрігер мамандығы бойынша жоғары білікті медициналық кадрлармен жабыдықталған. Медициналық пойыздарда ТМД және алыс шет елдердің, республикамыздың жетекші ғылыми медициналық орталықтары on-line режимде шалғай елді мекендердегі науқастарды емдеу барысында кеңес беруге мүмкіндік беретін алғаш телемедициналық қондырғы, интернет және телефония арнасы орнатылды. Диагностикалық тексерудің кешенді және шағын жүйесі күніне үш жүз адамға дейін жоғары «өткізу қабілетін» және диагностиканың жоғары сапасын қамтамасыз етеді.  Пойыздар станцияда болған уақыт ішінде қаралуға келген халыққа медициналық көмек тегін көрсетілетіні үлкен рөл атқарады. Ауыл тұрғындарына тегін медициналық көмектің кепілді көлем тізбесіне кірмейтін стамотологиялық көмек те тегін көрсетіледі. 2017 жылғы 12 сәуірден 29 мамырға дейінгі аралықтағы 47 күнде республикамыздың Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы 51 станцияның тұрғындары қаралды, 14 400 адам, оның ішінде 2 992 бала тексеруден өтті. Дәрігерге қаралған адамдардың саны 73 709-ды құрады. 63 216 диагностикалық емшара өткізіліп, 300 шағын амбулаториялық ота жасалды. 824 әйел адам маммологтарға қаралды. 3 709 тұрғынға стамотологиялық көмек көрсетілді.