Қаратал ауданында заңсыз жер берілген

Қаратал ауданында заңсыз жер берілген

Қаратал ауданында заңсыз жер берілген
ашық дереккөзі
Алматы облысындағы Қаратал ауданының шенеуніктері заңсыз жер берумен айналысқан. Мұндай олқылықты Қаратал ауданының прокурорлары арнайы тексеру кезінде анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Белгілі болғандай, жергілікті билік өкілдері жерге қатысты көптеген заңсыздықтарға жол беріп келген. «Атап айтқанда жер актісін беруде заң бұрмаланып, Қаратал аудандық әкімшілігінің атынан жалған құжаттар әзірленгені анықталды. Мәселен, азаматша К. Саутқан 500 гектар жайылым жерді 10 жылға сауда конкурсынсыз алған. Жалпы Қаратал ауданының әкімшілігі заңсыз түрде 32 азаматқа жалпы көлемі 12 мың гектарға жуық жерді таратқан», - делінген баспасөз баянында. Аталған қылмыстық іс Алматы облыстық жемқорлыққа қарсы күрес бюросының қарауында жатыр. Қазіргі таңда жалпы көлемі 9,5 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Оның кадастрлық құны 86 млн. теңге.