«Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді

«Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді

«Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді
ашық дереккөзі
Қазіргі уақытта өңірлерде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қызу дайындық жүріп жатыр.  Жыл сайынғы әскери-патриоттық жастар жиынын өткізудің негізгі мақсаты - әскери қызметті насихаттау, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделін арттыру, әртүрлі елдердің жас армияшылары бірлестіктері арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Осы жылы халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына 600-ден аса адам қатысады. Қатысушылар қатарында республикамыздың өңірлеріндегі әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, шетел мемлекеттері әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері, Астана, Шымкент, Алматы, Қарағанды қалаларында шоғырланған «Жас ұлан» республикалық әскери мектептерінің, «Арыстан» мамандандырылған лицейінің, Павлодар қаласындағы әскери мектеп-интернаты мен Семей қаласындағы мамандандырылған ер балалар мектеп-лицейінің тәрбиеленушілері. Сонымен, «Айбын» жастар жиынына дайындалу шеңберінде өңірлерде үздік командалар іріктелуде. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында «Айбын» облыстық ауқымдағы әскери-патриоттық ойындар өтті. Оған 8 команда, оның ішінде, Жамбыл облысы әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері қатысты. Сайыс бағдарламасына әскерилендірілген кросс және эстафета, АК-74 автоматын бөлшектеу және құрастыру, белтемірге тартылу, жалпыәскери қорғаныс жиынтығын кию және тағы басқа жаттығулар енгізілді. Әскери-патриоттық ойындардың қорытындысы бойынша Жуалы ауданының құрама командасы жеңіске жетті. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті облыстың Білім басқармасымен бірлесе Семей қаласының мамандандырылған «Жас ұлан» ер балалар мектеп-лицейі оқу орталығының базасында сайыс ұйымдастырды. 19 команда әскери-спорттық бағдарламаларда қарастырылған сайыстың он екі түріне қатысты. Семей қаласындағы  «Жас қыран» әскери-спорттық  клубының командасы сайыс жеңімпазы атанды және халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынында Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайтын болады. Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны 2017 жылғы маусымның 12-і мен 17-і аралығында «Астана» өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өтетінін айта кеткен жөн.