"Бейбарыс сұлтан және оның дәуірі" атты көрме ашылады

"Бейбарыс сұлтан және оның дәуірі" атты көрме ашылады

"Бейбарыс сұлтан және оның дәуірі" атты көрме ашылады
ашық дереккөзі
Астанада 10 маусымнан 10 тамызға дейін «Бейбарыс сұлтан және оның дәуірі» атты көрме өтеді. Бұл туралы ҚР-дың Египеттегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Арман Исағалиев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Оның айтуынша, көрме аясында Ұлттық музейге келушілер Бейбарыс сұлтанға тиесілі 22 жәдігермен таныса алады. «Каир ислам өнері музейі жиынтығынан алып келген Бейбарыстың - 17 жыл бойы Египет пен Сирияда билік құрып, қатардағы құлдан Мәмлүк мемлекетінің сұлтаны дәрежесіне дейін көтерілген және Мысырдың дамуы мен гүлденуіне өлшеусіз үлес қосқан біздің ұлы бабамыздың заттары оның өмірі мен тарихынан сыр шертеді», - деп жазды ол Facebook-тегі жеке парақшасына.