Пхеньян тағы бір зымыранын сынады

Пхеньян тағы бір зымыранын сынады

Пхеньян тағы бір зымыранын сынады
ашық дереккөзі
Пхеньян тағы да зымыран сынағын өткізді. Әзірге зымыранның қай түрі ұшырылғаны белгісіз. Бұл туралы  оңтүстіккореялық басылымдарға сілтеме жасап 24.kz хабарлады. Мәліметтерге қарағанда, сынақ Пхенан-Намдо провинциясындағы Пукчхан ауданынан ұшырылған. Мамандар оның түрі мен ұшу қашықтығын анықтап жатыр. Еске сала кетейік, Пхеньян тура бір апта бұрын қуаттылығы жағынан ең күшті зымыранды сынақтан сәтті өткізген болатын. Сол кезде қауіпті қару екі мың шақырым қашықтыққа ұшып, Жапон теңізіне құлады. Бұл халықаралық қауымдастықтардың алаңдаушылығын тудырып отыр.