Ішкені үшін жүргізуші куәлігінен айрылған экс-депутаттың ұлы аудан әкімі болды

Ішкені үшін жүргізуші куәлігінен айрылған экс-депутаттың ұлы аудан әкімі болды

Ішкені үшін жүргізуші куәлігінен айрылған экс-депутаттың ұлы аудан әкімі болды
ашық дереккөзі
Қарағандыда спирттік ішімдікке тойып алып көлік айдаған экс-депутаттың ұлын қызметтен қуудың орнына оны аудан әкімі етіп тағайындады, деп хабарлады КТК телеарнасы.
Полицейлер көлік тізгініндегі 35 жастағы Октябр ауданы әкімінің орынбасары ішімдік ішкен деп күдіктеніпті. Бірақ Әлімжан Қанаев медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан. Осы үшін бұрынғы аудан әкімі орынбасарын 11-ші сәуірде сот 2 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырды. Әйтсе де, осы әрекеті үшін тәртіптік кеңестен сөгіс алған Қанаев жарты күн өтпестен Октябрь ауданының әкімі боп шыға келді. Сөгіс бергендердің өзі бәрі бұлай тез болады деп ойламаса керек. Ал тасы өрге домалағыш жас әкімнің Мәжілістің экс-дептутаты Серікжан Қанаевтың ұлы екенін айта кетейік. Қазір үлкен Қанаев осындай қылық көрсеткен шенеуніктерді жазалайтын мемлекеттік қызмет агенттігі қоғамдық кеңесіне төрағалық етіп отыр.