Студенттер арасында республикалық айтыс өтеді

Студенттер арасында республикалық айтыс өтеді

Студенттер арасында республикалық айтыс өтеді
ашық дереккөзі

27 сәуір, бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Төл тарихым – тамырым» атты республикалық студенттер арасындағы ақындар айтысы өтеді.

Айтысты белгі айтыскер ақын, өнер жанашыры Серік Қалиев жүргізеді. Әділқазылар алқасына танымал ақын, айтыс жанашыры Жүрсін Ерман, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Жақып тең төрағалық етеді. Бұдан бөлек, қазылар алқасының құрамында журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Самал Дәрібаев, айтыскер ақын Әбдіғани Бәзілхан, айтыскер ақын Қайрат Құлмұхамет бастаған бірнеше танымал азаматтар төрелік етеді.  

Айтысқа республикалық жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, бақ сынасайды. "Айтыстың мақсаты - тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу. Жас ақындарды ынталандыру" - дейді, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, ұйымдастырушы Назгүл Шыңғысова. Сондай-ақ, айтыс ақындары ұйымдастырушылар белгілеген "Қазақ хандары", "Қазақ билері", "Қазақтың батыр қыздары", "Қазақ батырлары", "Алаш ардақтылары", " Еркін тақырып" сынды арнайы тақырыптарды жеребе бойынша таңдап айтыспақ.

Студенттердің айтысына кәсіпкер азаматтар қаржылай демушілік жасап отыр. Асыл сөздің сайсы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, химия факультеті, Малахит залында өтеді. Басталуы: сағ. 14.00. 

Ұйымдастырушылармен байланыс: Назгүл Тұрсынбайқызы. Тел.жұм. 8(727) 377 34 43. моб. 8 701 993 90 07.