Полиция қызметкері қарағандылық студентті қағып кетіп, мерт қылды

Полиция қызметкері қарағандылық студентті қағып кетіп, мерт қылды

Полиция қызметкері қарағандылық студентті қағып кетіп, мерт қылды
ашық дереккөзі
Учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Қарағандыдағы жоғарғы оқу орындарының бірінде оқитын төртінші курс студентін көлікпен қағып кетіп, мерт қылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.  «16 мамыр күні сағат 22-00-дер шамасында Университетская және Мұқанов көшелерінің қиылысында учаскелік инспектордың көмекшісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен», - деп хабарлайды өңірдегі ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров. Полиция қызметкері уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Осы оқиға бойынша ҚК 345-бабының 3-тарауы негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама нәтижесінде жүргізушінің жол-көлік оқиғасы кезінде мас болмағандығы анықталды», - деді Бақытжан Құдияров. Мерт болған Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің  студенті бір айдан кейін оқуын тәмамдап, қызыл диплом алмақшы болған. «Біз түнімен оқиға орнында болдық. Жағдайдың бұлай болғандығы өкінішті. Арайлым оқуда озат, өзгелерге үлгі студент болды. Жатақхана аймағындағы осы жаяу жүргіншілердің жолы көзге көрінбейтін жерге орналасқан. Жол өте кең. Сол түні оның қасында қатарлас топтағы курстасы болыпты. Ол да әбден шошынып қалған», - дейді ҚарМУ тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Абай Қалықов. Арайлым Исатай жатақханада тұрған. Сол түні ол дүкеннен жатақханаға қайтып келе жатқан.