Порошенко ресейлік әлеуметтік желілерді бұғаттау туралы жарлық шығарды

Порошенко ресейлік әлеуметтік желілерді бұғаттау туралы жарлық шығарды

Порошенко ресейлік әлеуметтік желілерді бұғаттау туралы жарлық шығарды
ашық дереккөзі
Ресейлік ірі интернет-ресурстар, солардың ішінде – Яндекс, Вконтакте және Одноклассники Украинада президент Петр Порошенко жарлығымен бұғатталады, деп хабарлайды centralasian.org. 
Президент жарлығына сәйкес, провайдерлерге үш жыл бойы Mail.ru, Вконтакте (vk.com) және Одноклассники (ok.ru) сервистерін қолдануға тыйым салынады. Бұлармен бірге Яндекс (yandex.ua, yandex.ru), Касперский және Доктор Веб антивирустық компанияларының сайттары да бұғатталады. Бұл ресурстардың барлығы әзірге Украинада жұмыс істеп тұр. Ақпараттық саясат министрлігі сайттардың бұғатталуына қатысты пікір білдіруден бас тартып, сауалдарды ресми түрде жолдауын өтінді. Тиісті жарлық 15 мамырда украиналық президент сайтында жарияланды. Жарлық жария болған күннен бастап күшіне енеді.