ЭКСПО тарихы: әлемдік көрменің арқасында қандай өнертабыстар пайда болды?

ЭКСПО тарихы: әлемдік көрменің арқасында қандай өнертабыстар пайда болды?

ЭКСПО тарихы: әлемдік көрменің арқасында қандай өнертабыстар пайда болды?
ашық дереккөзі
ЭКСПО көрмесінің арқасында әлемде қандай өнертабыстар пайда болды? Бұл сауалдың жауабын Sputnik Қазақстан агенттігі іздеп көріпті. ЭКСПО көрмесінің тарихы сонау 19 ғасырдың ортасында бастау алған болатын, сол замандардан бері әлемге талай өнертабыстарды ұсынылды, қазір де сол заттарды күнделікті тіршілігімізде пайдаланып келеміз: қойылтылған сүт, кір жуатын машина, автокөлік, телефон және компьютер. Алғашқы дүниежүзілік көрме 1851 жылы лондондық Гайд-паркте принц Альберт және ағылшын бизнесмені әрі өнертапқышы Генри Коулдың бастамасымен өткізілді. Оның басты ғимараты Хрусталь сарайында тұңғыш рет жанартауландырылған резеңке, консервідегі қойылтылған сүт, "Зингер" тігін машинасы, факс-машинаның прототипі таныстырылған болатын. Араға бірнеше жыл салып, 1855 жылы Франция императоры Наполеон ІІІ өз отанында дәл сондай көрме ұйымдастырады. Парижде жұрт назарына көгал шапқыш, кір жуатын машина, алты зарядты револьвер және автокөлік ұсынылады. Екі жылдан соң француздар тағы да көрме өткізеді, оның басты идеясы елдер арасындағы ынтымақтастықты арттыру болған. Көрмеде алғаш рет сүңгуір және өрт сөндіруші киімі, гидравликалық лифт, сусындарды құятын құрылғы және тағы басқа өнертабыстар көпшілікке таныстырылды. Бүгінде Париждің символына айналып отырған Эйфель мұнарасын француздар 1889 жылы кезекті көрмені өткізу үшін салған. Араға тағы бірнеше жыл салып Франция Америкаға сыйлық ретінде Бостандық Статуясын сыйға тартты. 1876 жылы ЭКСПО америкалық Филадельфия аумағында өтіп, ол жерде жұрт назарына Александр Беллдің телефоны, Томас Эдисонның телеграфы, Ремингтонның жазу машинасы және Heinz кетчубы ұсынылды. Ал әлемдегі ең бірінші луна-парк Бельгияда 1933-34 жылдары өткен көрмеде таныстырылды. 1958 жылы Брюсселде көрме қатысушылары жер серігінің көшірмесін, атом электрстанциясы жаңа қозғалтқыштар, компьютердің бастапқы нұсқасын ұсынды. Жапонияның Осака қаласында өткен көрмеде 500000 есе ұлғайтқыш электронды микроскоп, жүрдек пойыз, АҚШ пен КСРО-ның әртүрлі ғарыш кемелерінің макеті таныстырылды. Биыл Астанада өтетін ЭКСПО көрмесінде "жасыл" энергетика саласындағы өнертабыстарды тамашалауға мүмкіндік туады.