ЕАЭО аумағында еңбек мигранттары еркін жұмыс істей алады

ЕАЭО аумағында еңбек мигранттары еркін жұмыс істей алады

ЕАЭО аумағында еңбек мигранттары еркін жұмыс істей алады
ашық дереккөзі

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің еңбек мигранттарына интеграциялық аумақта жұмыс істеу үшін рұқсат қажет болмайды. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов Астанадағы брифинг кезінде мәлімдеді. «Еңбек мигранттарына жұмыс істеу үшін рұқсат алу қажет болмайды. ЕАЭО елінен келген жұмысшы мемлекеттік қызметпен әскердегі қызметті есептемегенде барлық әлеуметтік жеңілдіктерді пайдалана алады. Бұл тек резиденттер үшін ғана», — деді Тимур Жақсылықов.

Оның пікірінше, еңбек мигранттарының ЕАЭО елдері арасында еркін қатынауы еңбек нарығына қатты ықпал етпейді. Ұлттық экономика вице-министрі ЕАЭО келісім-шарттары заңсыз мигранттардың жұмысын заңдастыруға мүмкіндік беретіндігін де атап өтті. «Қазір Қырғызстан азаматтары еш кедергісіз Қазақстанға келіп, 90 күнге дейін қала алады. Көпшілігі заңсыз жұмыс істейді. Біз ол азаматтарды заңды тіркейміз десек те болады. Олар тұрақты түрде жұмыс істей алады. Еңбек нарығына қосымша қысым болмайды», -деп түсіндірді Т.Жақсылықов.