Қарызы бар 9 мың алматылық шетелге шыға алмай отыр

Қарызы бар 9 мың алматылық шетелге шыға алмай отыр

Қарызы бар 9 мың алматылық шетелге шыға алмай отыр
ашық дереккөзі
Соттың шешімімен Алматының 9 067 тұрғынына қарызының болуына байланысты Қазақстаннан шығуға шектеу қойылды. 2017 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, шамамен 120 мың алматылықтың жалпы сомасы 5,2 миллиард теңге болатын салық қарызы бар. Салық төлемеушілердің қарыздарын өндіріп алу үшін және оны төлемеген жағдайда қажетті шараларды қолдану үшін материалдардың сот органдарына жіберіліп жатқаны айтылады. "Қазіргі уақытта Алматы қаласының соттарына 21 автокөлік құралына салық төлемей жүрген жүргізушілерге қатысты 21 мың материал жолданды. Олар 2,6 миллиард теңге көлемінде салық төлемеген. Соттың шешімімен 9 067 адамға Қазақстаннан шығуға шектеу қойылып, 4 067 жеке тұлғаның мүліктеріне тыйым салынды", - деді Мемлекеттік кірістер департаментіндегілер. Сондай-ақ, ведомство өкілдері еңбек демалыстарының жақындауына байланысты және жағымсыз жағдайлардан аулақ болу үшін көлік құралдарының салығын дер кезінде төлеп, қарыздары бар адамдар5а қарыздарын өтеу керектігін еске салды.