ИЫҰ террозиммен күресте Ауғанстанға көмек береді

ИЫҰ террозиммен күресте Ауғанстанға көмек береді

ИЫҰ террозиммен күресте Ауғанстанға көмек береді
ашық дереккөзі
Ислам ынтымақтастық ұйымы терроризмге қарсы күресу үшін Ауғанстан республикасына көмек береді, деп хабарлайды «Riyadh» деп жазды сілтеммен Kazislam.kz. Ислам ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Юсуф Отхаймен алдағы уақытта Ауғанстан мұсылмандарының бейбіт өмір сүруіне және де елдегі терроризм қауіпін сейілтуге ықпал жасайтынын айтты. «Біз кез келген терроризм құбылыстарын айыптаймыз. Сонымен қатар, Ауғанстан билігімен болашақта терроризмге қарсы күрес жолдарының жаңа тетіктерін бірлесе отырып табатын боламыз. Ауғанстанда бүгінге дейін қандай соғыс болса да, биліктің сағы сынбай, көршілес елдерден қалыс қалмай дамып келе жатқаны бізді қуантады» деді бас хатшы. Ескере кетсек, Ислам ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы бұл баяндаманы өткен аптада Ауғанстанның солтүстігінде болған жарылыстан кейін жасады. Теракт салдарынан 200-ге жуық адам зардап шеккен.