Швейцария мұсылмандары шеруге шығады

Швейцария мұсылмандары шеруге шығады

Швейцария мұсылмандары шеруге шығады
ашық дереккөзі
6-7 мамыр күндері Швецария мұсылмандары бас қосып, «Ислам – 2017 жылы бейбітшілікке ұмтылу» ұранымен исламға қара күйе жаққан терроризмге қарсы шеруге шығады. Шеруді жергілікті Швецария Ислам кеңесі орталығының мамандары ұйымдастырып отыр. Олар осы күні Цюрих қаласында орналасқан сауда үйлерін, базарлар, балабақшалар мен т.б. қоғамдық орындарды аралап, исламның шынайы келбетін халыққа түсіндіретін болады. «Біз мұндай шараны ұйымдастыруға мәжбүр болып отырмыз. Себебі, бүгінде ДАИШ секілді терроризмді насихаттайтын топтар саны көбейіп, олардың теріс көзқарастарының салдарынан көптеген мұсылмандар жапа шегіп келеді. Сондықтан, біз мұндай топтардың ислам ұстанымына қарама-қайшы екенін халыққа түсіндіргіміз келеді» деді орталық маманы.