«Алтын алқа» иегерінің алғысы

«Алтын алқа» иегерінің алғысы

«Алтын алқа» иегерінің алғысы
ашық дереккөзі
Ақтөбелік нұротандықтар қалалық партия филиалына көмек сұрай келген көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегері Салтанат Сәдуованы қамқорлыққа алып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға жәрдемдесті.  Салтанат – 46 жаста, сегіз баланың анасы. Олардың төртеуі – мектеп жасында. Біреуі – студент. 14 жастағы Самұрат сал ауруына, қызы Алтынай жүйке ауруына шалдыққан. Жолдасы да екінші топтағы мүгедек, жүрегі ауыратындықтан жұмыс істей алмайды. Қазіргі кезде барлық ауыртпалық, отбасын асырау – Салтанаттың мойнында. – Өзім «Алтын алқа» иегерімін. 8 баламның алды бөлек үй болып, кәмелет жасқа толмағандары өзімізбен бірге тұрады. Қазір мүмкіндігі шектеулі екі баламның, мүгедек күйеуімнің жағдайын жасау үшін зыр жүгіріп, тірлік етіп жүрмін. Тұрақты жұмысқа орналасқаныма бірер ай болды. Қиналғанда, көмек қажет болғанда «Нұр Отан» партиясына барып, бар мұңымды шағамын. Олар мені құр жіберген емес. Депутаттар қаржылай көмегін береді, партия мүшелері киім мен азық-түлікті жеткізеді. Бәріне алғысым шексіз. Партияға ризамын, –  дейді көпбалалы ана. Қалалық филиалдың қабылдау бөліміне жыл басынан бері 250 өтініш түскен. Олардың арасынан 72 өтініш оң шешілді. Азаматтар көбінесе, жұмысқа орналастыруды, жер телімін, мемлекеттік қордан үй беруді сұрайды. – Біз жергілікті тұрғындардың барлық өтінішін тыңдауға және мүмкіндігіне қарай көмектесуге әзірміз. Мәселен, Салтанаттың отбасына алдағы уақытта да жәрдем беруге дайынбыз, – дейді партияның қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің консультанты Нұржауған Бұхарбаева.