3 Мамыр 2017, 08:35 1269 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

Телефон жарылысынан өскемендік азаматтың құлағы жыртылып, саусақтары сынды

Өскемендік тұрғынның ұялы телефоны жарылып, ауыр жарақат алды. Оқыс оқиға 28-ші сәуір күні Өскеменде ұялы байланыс құралын жөндеп жатқан кезде болған. Құлағы жыртылып, кеудесі жараланып, саусақтары сынған азамат қазір ауруханада жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Есін енді ғана жинап отырған Владимир Мисекешев өзінің аман қалғанына сене алар емес. Телефон жөндеумен айналысатын ол техниканың қыр-сырын жақсы меңгерген. Бар кінәрат қытай телефонынан келді дейді жараланған азамат.

Бұзылған құрылғыны қалыпқа келтіріп тексермек болғанда жарылып кетіпті.

"Телефонды жасап, тоққа тықтым. Кейін қоңырау шалып көрмекші болдым. Құлағыма жақындатқаным сол еді, атылды. Қытай телефонын алмаңыздар. Кішкентай балаларды мүлде жолатпау керек", - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Владимир Мисекешев.

Соңғы жаңалықтар