Мемлекет қауіпсіздігіне үлес қосқан азаматтар "Ел қорғаны" медалімен марапатталмақ

Мемлекет қауіпсіздігіне үлес қосқан азаматтар "Ел қорғаны" медалімен марапатталмақ

Мемлекет қауіпсіздігіне үлес қосқан азаматтар "Ел қорғаны" медалімен марапатталмақ
ашық дереккөзі
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бейнелемелер мен геральдикалар мәселесі туралы жарлыққа түзетулер енгізді. Бұдан былай мемлекетіміздің қауіпсіздігіне үлес қосқан азаматтар "Ел қорғаны" медаліне ие болады. Медальдермен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін, әскери қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталмақ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Елбасы "Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Президент "Медальдар:" бөлімінде келесі толықтыруларды енгізуді қаулы етті: 10-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: "5) І, ІІ дәрежелі "Ел қорғаны" ("Защитник Отечества")."; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының сипаттамаларында (бұдан әрі – Сипаттамалар): "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің медальдары" деген бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөлімдермен толықтырылсын: "І дәрежелі "Ел қорғаны" (54-1-қосымша), ІІ дәрежелі "Ел қорғаны" (54-2-қосымша) "Ел қорғаны" медалімен: әскерлерге басшылық жасауда және қойылған міндеттерді орындауда, оқу-жаттығуларда, жауынгерлік кезекшілікті атқару кезінде, жаңа жауынгерлік және арнайы техниканы меңгеруде, қару-жарақ пен әскери техниканы ұдайы жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету жай-күйінде ұстауда, қолбасшылықтың арнайы (жедел) тапсырмаларын орындау кезінде, жұмылдыру даярлығында, әскери-патриоттық, педагогикалық, ғылыми-зерттеу, емдеу және өзге де әскери (әскери-қолданбалы) қызметте, мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде әскери мамандықты меңгеруде ерекше көзге түскені үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін, әскери қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталады. "Ел қорғаны" медалі екі дәрежеден тұрады: 1) Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін, әскери қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлер құрамы мен Қазақстан Республикасының азаматтарын марапаттауға – І дәрежелі "Ел қорғаны» медалі; 2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сержанттар және сарбаздар құрамдарының әскери қызметшілерін марапаттауға – ІІ дәрежелі "Ел қорғаны" медалі".