Түрік әскерінің шабуылынан 70-ке жуық адам ажал құшты

Түрік әскерінің шабуылынан 70-ке жуық адам ажал құшты

Түрік әскерінің шабуылынан 70-ке жуық адам ажал құшты
ашық дереккөзі
Түрік әскері Сирия мен Иракта күрдтер бекінген аумақтарды әуеден атқылады. Салдарынан 70-ке жуық адам ажал құшқан. Шабуылға бас-аяғы 26 ұшақ жұмылдырылды. Ирактағы операция «Күрдістанның жұмысшы партиясына» қарсы бағытталған. Бұл топ Түркияда лаңкестік ұйым саналады. Ал, Сирияда түрік жауынгерлері күрдтердің «Халықтық өзін-өзі қорғау жасағын» нысанаға алған. Ресми Анкараның хабарлауынша, олардың «Күрдістанның жұмысшы партиясымен» байланысы бар. Ақ үй Түркияның бұл әрекетін сынға алды. Өйткені қазір АҚШ бастаған халықаралық коалиция осы «Халықтық өзін-өзі қорғау жасағымен» бірге арнайы операция жүргізіп жатыр. Бірлескен шара Сириядағы «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» жендеттерін тізе бүктіруге бағытталған.