«Азаматтықтан айыру туралы» заң жобасы Парламентке түсті

«Азаматтықтан айыру туралы» заң жобасы Парламентке түсті

«Азаматтықтан айыру туралы» заң жобасы Парламентке түсті
ашық дереккөзі
Қазақтан Қылмыстық кодексінің 21-бабында азаматтықтан айыратын қосымша жаза түрі қарастырылады, деді 25 сәуірде Астанада Әділет министрі Марат Бекетаев. "Мемлекет мүддесіне зор нұқсан келтіргені үшін" азаматтықтан айыру туралы ұсыныс биыл жасалды. Мұндай қылмыстарға аса ауыр террорлық қылмыстар, сондай-ақ конституциялық құрылымды бұзуға бағытталған әрекеттер жатады. Марат Бекетаевтың мәлімдеуінше, парламентке түскен бұл заң жобасын дайындаудың ешқандай саяси себебі жоқ. "Мұның ешқандай саяси астары жоқ. Террорлық әрекеттерге қатысқан адамдар Қазақстанға қайтып оралып, идеологиясын елде таратуына қарсы күрескіміз келеді", - деді Бекетаев. Қылмыстық кодексіне түзетулер жобасы Қазақстан Конституциясына өзгертулер енгізілген соң қолға алынды. Заңға өзгертулер президент, парламент және үкімет құзыреттерін қайта бөлуді қарастырады.