Елбасы ЭКСПО-2017 нысандарының дайындығын тексерді

Елбасы ЭКСПО-2017 нысандарының дайындығын тексерді

Елбасы ЭКСПО-2017 нысандарының дайындығын тексерді
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аумағындағы нысандардың дайындығын тексерді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Мен жаңа ғана салынып жатқан нысандарды көріп келдім. Дайындық жоғары деңгейде, құрылыс жақын арада аяқталғалы тұр. Нысандарды абаттандыру, толықтыру жұмыстары жүруде. Көрме өткізуді лайықты ұйымдастыру әлемдік қауымдастыққа тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін көрсетеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев көрмеге дайындық және Астананың даму мәселелері бойынша өткен жиналыста. Мемлекет басшысы соңғы 5 жылда аймақтық өнімнің үш есеге өскенін, бұл кезеңде елордаға шамамен 4,5 триллион теңге инвестиция құйылғанын атап өтті. Ел экономикасындағы Астана үлесі 12% дейін көтерілді.