Елбасы жазушылармен кездесті

Елбасы жазушылармен кездесті

Елбасы жазушылармен кездесті
ашық дереккөзі
Жастарға оңай болмасы анық. Алайда олардың өмірі бізден жақсы болатындығына сенімім зор. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Baq.kz. Кездесуге белгілі жазушылар Бексұлтан Нұржекеев, Дулат Исабеков және Смағұл Елубаев қатысты. Елбасы таяуда отандық БАҚ-та жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының кейбір бағыты мен басымдықтарына тоқталды. Осы орайда Президент жаһандану заманында ақпараттың көз ілеспес жылдамдықпен келіп жатқандығын мысалға келтірді. Бұл ақпарат кейбір маңызды салаларға өзгерістер алып келуде. «Өз ісін білетін, бәсекеге қабілетті болатын адамдар керек. Мысалы, қазіргі инновациялық дәуірде бізге көптеген жаңалық келіп жатыр. Мысалы, жыл сайын денсаулық сақтау саласында 10-15% өзгерістер болып отырады. Оған ілесудің өзі біздің буынға оңай емес. Ал жастардың ілесуі қалай болады?», - деді ол. https://www.youtube.com/watch?v=1scC_d-FSqs