ЭКСПО-дағы Қазақстан павильоны екі бөліктен тұрады

ЭКСПО-дағы Қазақстан павильоны екі бөліктен тұрады

ЭКСПО-дағы Қазақстан павильоны екі бөліктен тұрады
ашық дереккөзі
ЭКСПО кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жиналыс өткізді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Екі тарап ЭКСПО-2017 көрмесіндегі еліміздің ұлттық павильонындағы дайындық жұмыстары жайлы талқылады. «Қазақстан» павильоны басты екі аймаққа бөлінген, олар - Қазақстанмен танысу және «Жасампаз энергия» аймақтары. Павильонның бірінші бөлігінде еліміздің ландшафты, мәдениеті, тарихы, болашақта қолға алынатын жобалары көрсетіледі. «Жасампаз энергия» аймағында көрмеге сай тақырыпты қамтитын отандық ғалымдардың ең үздік жобалары көрсетіледі. Сондай-ақ, Елбасының энергетика саласындағы және қоршаған ортаны қорғау тақырыбындағы бастамалары да қамтылады. Одан өзге, ұлттық павильонымыздың орталық бөлігінде еліміздің өңірлерінде жүзеге асқан және қолға алынған «Жасыл экономика» мен «Токамақ термоядролық материалтану реакторы» жобалары да таныстырылды. Токамактың ITER деңгейіндегі энергияға қосылған материалдарды сынақтан өткізуге және зерттеуге арналған термоядролық қондырғы екенін, сондай-ақ болашақ энергиялық термоядролық реакторлар жобасы екенін естеріңізге сала кетейік.