Елбасы Бішкекте Молдова

Елбасы Бішкекте Молдова

Елбасы Бішкекте Молдова
ашық дереккөзі
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекте Молдова Республикасының Президенті Игор Додонмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Молдова Президенті И.Додонмен кездесті. Мемлекеттер басшылары әңгімелесу кезінде Қазақстан мен Молдова арасындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалар екіжақты ынтымақтастықтың басымдығы бар бағыттары ретінде атап өтілді. Бұған қоса, Қазақстан Президенті И.Додонды Молдова Республикасының ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесін алуымен құттықтап, бұл жауапты қызмет барысында табысты жұмыс жүргізуіне тілектестік білдірді. Молдова көшбасшысы да Нұрсұлтан Назарбаевқа ЕАЭО-дағы бақылаушы мәртебесін алу мәселесіне қатысты қолдау білдіргені үшін алғыс айтты. Кездесуге Молдова жағы бастамашы болды.