Бала өліміне себепкер клиника айыппұлмен құтыла ма?

Бала өліміне себепкер клиника айыппұлмен құтыла ма?

Бала өліміне себепкер клиника айыппұлмен құтыла ма?
ашық дереккөзі
Астана қаласы Есіл ауданының Ішкі істер басқармасына қытай медицинасын насихаттайтын «Б» жеке клиникасында ем алған 2016 жылы туған «А» есімді бала Астана қаласы әкімшілігінің МҚКК «Қалалық жұқпалы ауруларға арналған балалар ауруханасында» «Бауыр циррозы» диагнозынан қайтыс болғандығы туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі. Осы факті Ішкі істер органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында, кәмелетке толмаған баланың ата-анасы медициналық көмек алуға қытай медицинасын насихаттайтын жеке клиникаға бала организміндегі лейкоциттерді төмендетуге келіп, сол жерде бала 5 күн тамырға инфузия алғандығы, үйінде қытай өнімінен биологиялық активті қоспаларды күніне 2 рет қабылдағаны анықталды. Осыған орай, аудан прокуратурасы Астана қаласы Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылайтын департамент бірлесе отырып, тексеріс жүргізді. Оның нәтижесі бойынша департаментке «Б» жеке клиникасын медициналық қызмет көрсету лицензиясынан айыру туралы сұрақпен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Өз кезегінде, аталған департамент Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына «Б» жеке клиникасын медициналық қызмет көрсету лицензиясынан айыру туралы әкімшілік іс жолдады. Соттың қаулысымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР-ның кодексі (ары қарай-Кодекс) 426-бабының 1-бөлігімен 294 970 (130 АЕК) теңге айыппұл мөлшерінде мемлекеттің кірісіне төлеу және де осы кодекстің 463-бабы 1-бөлігімен 56 725 тенге (25 АЕК) айыппұл мөлшерінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау затын тәркілеуінсіз әкімшілік жауапкершілікке тартылды.