Қазақстанда 17 мың адам паркинсон ауруына шалдыққан

Қазақстанда 17 мың адам паркинсон ауруына шалдыққан

Қазақстанда 17 мың адам паркинсон ауруына шалдыққан
ашық дереккөзі
Дүниежүзі Паркинсон ауруымен күрес күнін атап өтті. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының бастамасы біздің елімізде де барынша қолдауға ие.Қазір Қазақстанда 17 мыңға жуық адам осы дерттен зардап шегеді. Қарттықпен қатар келетін аурудың емі жоқ деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
«Алайда оның әсерін азайтып, науқасқа қалыпты өмір сыйлауға болады» - дейді мамандар. Қазақстандық дәрігерлер 2013 жылдан бастап паркинсонды нейрохирургиялық әдіспен емдей бастады. Осы уақытқа дейін 200-ге тарта науқасқа операция сәтті жасалды. Паркинсон ауруы әдетте кәрілікпен бірге келетін дерт. Алайда көлденең кесел кейде жас талғамайды. Әскери қызметте жүрген Анатолий Меркулов небәрі 37 жасында айықпас дертке шалдықты. «Алғашында оң қолым дірілдей бастады, сосын тыныс алуым қиындап кетті. Тіпті өздігімнен жүре алмай қалдым» - дейді.
Астанадағы ұлттық нейрохирургия орталығына қаралған Анатолийге мамандар үш айдан кейін операция жасаған. 15 сағатқа созылған күрделі іс сәтімен аяқталып, мамандар Меркуловты аяғынан тұрғызды.
Талғат Пазылбеков, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ медициналық директоры: - Мұның негізі емі жоқ. Бірақ көбінесе белгілерін азайтуға болады. Өмір сапасын үлкен деңгейге көтеруге болады науқастардың. Оған керек барлық нәрселер Қазақстанда бар. Заманға сай ем - операцияларлық ем. Ол 2013 жылдан бастап жасап жатырмыз. Оған мемлекетіміз қажетті қаражат бөлді. Мамандарымызды оқытты. Керек құралдарды бізге сатып алды. Паркинсон ауруы елімізде тегін емделеді. Оның алғашқы белгілері пайда болғанда дене дірілдеп, адамның қозғалысы мен ойлау қабілеті нашарлайды. Мінезі де өзгереді. Бұл дертті асқындырмай, сауатты ем қабылдау арқылы толыққанды өмір сүруге болады – дейді мамандар.