Тәжікстанда қос азаматтығы бар мемқызметкерлер қызметінен шеттетіледі

Тәжікстанда қос азаматтығы бар мемқызметкерлер қызметінен шеттетіледі

Тәжікстанда қос азаматтығы бар мемқызметкерлер қызметінен шеттетіледі
ашық дереккөзі
Тәжікстанда екі азаматтығы бар мемлекеттік қызметкерлер жазаланады. Олар айыппұл арқалап қана қоймай, қызметтерінен шеттетілуі де мүмкін. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 
Тәжікстан парламенті елдегі әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Кодекске өзгерістер мен түзетулер енгізу жөніндегі заң жобасын талқылап жатыр. Онда екі азаматтығы бар азаматтарды жазаға тарту бабы қарастырылған. Түзетулерге сәйкес, мемлекеттік қызметке тұрғысы келетіндердің екі азаматтығы бары анықталса, оларға 1000-нан 1500 сомониге (шамамен 115-140 АҚШ доллары) дейін айыппұл салынады. Өткен айда төменгі палата “Мемлекеттік қызметкерлер жөніндегі” заң жобасын мақұлдаған. Бұл заң жобасына сәйкес, екі азаматтығы бар адамдардың мемлекеттік қызметке алынуына жол берілмейді. Жергілікті баспасөзде елдің күш құрылымындағы шенеуніктерде Тәжікстанның және Ресейдің азаматтығы бар екендігі бірнеше рет жазылған.