AIIB құрамы тағы бес елмен толықты

AIIB құрамы тағы бес елмен толықты

AIIB құрамы тағы бес елмен толықты
ашық дереккөзі

Қытай құрып жатқан Азияның инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (Asian Infrastructure Investment Bank, AIIB) қазіргі құрылтайшы елдері банкке Бразилияның, Грузияның, Финляндияның, Дания мен Нидерландтың құрылтайшы ел құқығында мүше болып кіру өтінішін мақұлдады, - деп хабарлайды ҚХР Қаржы министрлігі.

«Қазіргі құрылтайшы елдердің келісімімен Нидерланд, Бразилия, Финляндия, Грузия және Дания 12 сәуірден бастап ресми түрде Азияның инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің құрылтайшы елдері атанды», — делінген ҚХР қаржылық мекемесінің сайтында жарияланған хабарламада. БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, ақырғы мерзімге дейін (31 наурыз) банк құрамына құрылтайшылар ретінде кіру өтініштерін 52 ел жолдаған.

Қазіргі кезде құрылтайшы мемлекеттердің саны 46-ға жетті. АҚШ пен Жапония жаңа қаржылық институтқа кіруден бас тартқан. Барлық елдердің соңғы тізімі 15 сәуір күні белгілі болады. Азияның инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Қытайдың бастамасымен 2014 жылы құрылды. Өткен жылдың қазанында банктің негізін салу туралы келісімге 21 ел қол қойған. Банк мақсаты — Азия-Тынық мұхиты аймағындағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру. Штаб-пәтері Пекин қаласында. Жарғылық капиталы — 100 млрд доллар.