Қызылорда облысында 50 гектардан астам алқапқа есірткі егілген

Қызылорда облысында 50 гектардан астам алқапқа есірткі егілген

Қызылорда облысында 50 гектардан астам алқапқа есірткі егілген
ашық дереккөзі
Былтыр Қызылорда облысында 50 гектардан астам жерге есірткі егілген. Бұл туралы облыстық ІІД мәлімдемесіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  Құқық қорғау органдарының айтуынша, аймақ климаты үнді сорасын өсіруге қолайлы, ал үнді сорасынан жасалған гашиш пен марихуана нашақорлар арасында жоғары сұранысқа ие. Аймақта «Есірткісіз болашақ» жобасын іске асыру басталды. Жобаның бастапқы сатысында есірткі тұтынатын адамдарды анықтап, оларға медициналық-әлеуметтік сипаттағы кешенді көмектер көрсету арқылы нашақорлықтың алдын алу жұмыстары атқарылатын болады. Сондай-ақ халық арасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық шаралар жүргізіледі. «Соңғы 5 жылда есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстардың өсу динамикасы сақталуда. 2012 жылмен салыстырғанда есірткіні егіп өсіру жолымен алудың саны ұлғайып отыр. Тек 2016 жылдың өзінде 50 гектардан астам жерге егілген 32 орын анықталып, жойылды», - дейді Қызылорда облыстық прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары, әділет кеңесшісі Нұркен Тұрғанбай. Облыстық ІІД-нің бөлім басшысы Гаухар Омарованың айтуынша, Сыр өңірінің климаты үнді сорасын өсіруге қолайлы екен. «Жабайы Шу сорасынан үнді сорасының адамға әсері 5 есеге артық. Үнді сорасынан жасалған гашиш пен марихуана нашақорлар арасында жоғары сұранысқа ие. Бұдан бөлек,  Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, Қызылорда облысында «ДельтаСырдария» есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлінісін құру туралы шешім қабылданды. «Көкнар» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында біздің аймаққа басқа облыстардан қосымша қызметкерлер бөлініп, соңғы үлгідегі техникалық құралдармен жұмыс атқарылады», - дейді Г.Омарова.