Қазақстанда хакерлер жиі шабуыл жасайды

Қазақстанда хакерлер жиі шабуыл жасайды

Қазақстанда хакерлер жиі шабуыл жасайды
ашық дереккөзі
Қазақстан әлемдегі ең көп кибершабуыл жасалатын 50 елдің ішінде. Ақпан айында хакерлердің қазақстандық компанияларға қарсы кибершабуылы едәуір азайған, деп хабарлайды Check Point Software Technologies Ltd компаниясы. Компанияның ай сайын жариялайтын есебіне сүйене отырып, кибершабуылға ұшыраған әлем елдері тізімінде Қазақстанның жиырма жеті орынға төмен сырғығанын байқауға болады. Яғни, Қазақстан компаниялары жыл басынан бері кибершабуылдарға қарсы қорғанысты төмендетуі нәтижесінде әлемдегі 124 елдің ішінде 46-орынға тұрақтады. Айта кетелік, ең көп шабуылға ұшыраған компаниялар Замбия, Малави мен Камбоджа секілді елдерге тиесілі болып отыр. Ал тізімнің басында Черногория, Барбадоса мен Лихтенштейн елдері орналасқан, бұл елдердің компанияларына хакерлер аз шабуылдайтын көрінеді. Стаститикалық мәліметтер ең қауіпті бағдарламалардың тізімінде Kelihos-тың көш бастап тұрғанын айғақтайды. Аталған бағдарламадан зиян шеккен компаниялар саны барлық кибершабуылға ұшыраған компаниялардың 12 пайызын құрайды. Сондай-ақ, мұндай зиянды бағдарламалар үштігіне HackerDefender және Cryptowall бағдарламалары енеді. Олардың кесірінен зиян шеккен компаниялардың саны тиісінше 5 және 4.5 пайызды құрайды.