«Қазақ елі» монументіне белгісіз біреулер есімдерін қашап кеткен

«Қазақ елі» монументіне белгісіз біреулер есімдерін қашап кеткен

«Қазақ елі» монументіне белгісіз біреулер есімдерін қашап кеткен
ашық дереккөзі

Елорда төріндегі 91 метрлік «Қазақ елі» монументінің ең биік жеріне белгісіз біреулер есімдерін қашап жазып кеткен. Жазбаны өшіру үшін әкімдік альпинистерді тартпақ деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Бұл сөздерді Наурыз мейрамын дронға түсіріп, ролик жасаған қоғам белсендісі байқап қалған. Әрине, мұнда олар анық көрінбейді. Десе де, көзі қырағы азамат «Қазақ еліне» белгісіз біреулердің Мұрат, Бердібек және Тараз деп жазып кеткенін байқаған. Бұны әкімдіктегілер де растап отыр.

Бірақ шенеуніктер Елордадағы ең үлкен ескерткішті бүлдіргендерді іздеп, жазаламайды екен. Өйткені бұл вандалдардың емес, құрылысшылардың ісі. Оның үстіне алып сәулет өнерінің туындысына арнайы техника болмаса шығу мүмкін емес. "Монументтің жоғары жағына жазба қалдыру мүмкін емес. Меніңше, ескерткішті орнатып жатқанда жұмысшылар өз есімдерін қашап жазған. Жақында альпинистер бояудың құрамын тексереді. Сөйтіп, өшірудің жолдарын іздейді", - дейді Астана қаласы Ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауды қамтамасыз ету дирекциясы директорының міндетін атқарушы Нелли Шиврина.