Солтүстік Кореяның зымыран сынағы тағы да сәтсіздікке ұшырады

Солтүстік Кореяның зымыран сынағы тағы да сәтсіздікке ұшырады

Солтүстік Кореяның зымыран сынағы тағы да сәтсіздікке ұшырады
ашық дереккөзі
Америкалық әскерилер Солтүстік Кореяның кезекті зымыран сынағы сәтсіздікке ұшырағанын анықтады деп хабарлайды 24.kz.  Бұған дейін Вонсан қаласындағы сынақтың сәтсіз өткені Киодо агенттігі де хабарлаған болатын. Әзірге Солтүстік Корея билігінің қандай зымыран ұшырғаны белгісіз. Мамандар оны анықтауға тырысып жатыр. Еске сала кетейік, наурыз айының басында бұл ел қатарынан төрт зымыран ұшырды. Олардың біреуі Хонсю аралындағы Акита префектурасынан 200 шақырым жерге құлаған. Пентагон өкілдерінің айтуынша, бұл Пхеньянның бір сәтте бірнеше нысанаға шабуылдауға қауқары бар екендігін көрсетеді.