Науқас баланың арманы орындалды

Науқас баланың арманы орындалды

Науқас баланың арманы орындалды
ашық дереккөзі
«Нұр Отан» партиясының «Казэнергокабель» акционерлік қоғамындағы бастауыш партия ұйымының төрайымы Анар Сыздықова Павлодар облыстық паллиативтік көмек ауруханасындағы онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға арналған палатаға барып, онда емделіп жатқан 13 жасар Виктордың хал-жағдайымен танысып қайтты. Партия өкілі науқас баламен әңгімелесіп, тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.  Сондай-ақ, Анар Сыздықова жеткіншекке мобильді телефон тарту етті. Ұялы телефонға қол жеткізу Виктордың көптен бергі арманы еді. Жыл басынан бері  «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының тікелей қолғабыс етуі арқасында Павлодар облыстық паллиативтік көмек ауруханасының бірнеше мәселесі оң шешілген болатын. Мәселен, нұротандық депутат Олег Круктің көмегімен балаларға арналған палата ашылса, тағы бір халық қалаулысы Шухрат Данбай ауруханаға апаратын пандус салып берді. Аурухананың бас дәрігері Әсем Қасенова кездесу кезінде партия мен депутаттарға алғысын жаудырды. «Нұр Отанға» деген алғысымды сөзбен жеткізе алмаймын. Партиямен арадағы әріптестігіміз 2009 жылдан бастау алады. Сол қиын-қыстау кезеңде партия мен облыс басшылығы тарапынан көрсетілген жәрдемнің арқасында жұмыс жасауды жалғастыруға мүмкіндік туды. Қазір де партия облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Болат Бақауовтың қолдауын сезініп келеміз. Сол үшін «Нұр Отан» партия­сына зор алғысымызды білдіреміз», – дейді Ә.Қасенова. Айта кетейік, паллиативтік көмек ауруханасындағы онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға арналған палата Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі бірегей палата. Қазірдің өзінде Атырау, Қарағанды, тіпті Астанадан мамандар келіп, павлодарлықтардың тәжірибесін үйренуге құлшыныс танытып отыр.