Бішкек мэрі "Ата Мекен" басшысы Текебаевтан 1 млн сом өндіріп алды

Бішкек мэрі "Ата Мекен" басшысы Текебаевтан 1 млн сом өндіріп алды

Бішкек мэрі "Ата Мекен" басшысы Текебаевтан 1 млн сом өндіріп алды
ашық дереккөзі
Первомай аудандық соты 13 наурызда Бішкек мэрі Албек Ибраимовтың "Ата Мекен" парламенттік фракциясының жетекшісі Өмірбек Текебаевқа қарсы шағымын қанағаттандырды. Сот оған 1 миллион сом (14 мың доллар) өтемақы төлеуді міндеттеді.
Текебаевтың адвокаты Таалайгүл Токтакунованың айтуынша, сот "Ата Мекен" жетекшісінің күзетпен сот отырысына қатысуына рұқсат етпеген. Адвокат және оның әріптесі Қанатбек Әзіз наразылық ретінде сот залын тастап кетті. "Шешім біздің қатысуымызсыз қабылданды. Тараптардың жарыссөзіне бізден ешкім қатыспады. Енді Бішкек қалалық сотына жүгінеміз", - деді Токтакунова. Еске салайық, 2016 жылы Ибраимов оппозиция жетекшісі Текебаевты сотқа берді. Арызданушы саясаткерді қыркүйек-қазан айларындағы сөздері өзінің ар-ұжданына нұқсан келтірді деп есептейді.