Киевте қазақ тілін меңгеру клубы ашылды

Киевте қазақ тілін меңгеру клубы ашылды

Киевте қазақ тілін меңгеру клубы ашылды
ашық дереккөзі
Украинаның Киев қаласында қазақ тілін үйрету клубы ашылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ресми ақпаратқа сәйкес, аталған клуб Жамбыл Жабаев атындағы қоғамдық кітапхананың жанынан ашылып отыр. Ал ондағы сабақтар қазақ диаспорасы өкілдерінің балалары үшін өткізіледі. Курс бағдарламасында қазақ тілінің грамматикасы мен лексикасы, сондай-ақ қазақ халқының ұлы ойшылдарының еңбектерімен таныстыру сабақтары көзделген. Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасы, экономикасы мен қоғамдық-саяси өміріне қатысты арнайы дәрістерді өткізу де жоспарда бар. Клубтың ашылу салтанатына қатысқан қазақ диаспорасының өкілдері туған тілдерінің шет елде үйренуге берілген мүмкіндік үшін өз алғыстарын білдірді.