Le Monde басылымы: "Қытайлық тележоба қазақтың шоуына айналды"

Le Monde басылымы: "Қытайлық тележоба қазақтың шоуына айналды"

Le Monde басылымы: "Қытайлық тележоба қазақтың шоуына айналды"
ашық дереккөзі
Франциялық Le Monde басылымы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жайлы мақала жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  "Қытайлық тележоба қазақтың шоуына айналды" деген тақырыппен жарияланған мақалада Димаш Құдайбергеннің француздың SOS d'un terrien en detresse әнін орындап, сенсация жасағаны айтылады.  "Димаш Құдайберген қытайлық Hunan TV арнасында шығатын Geshou 2017 жобасында (бұрынғы I'm a Singer) қыз-қыркынның жүрегін жаулап алды. 1994 жылы туған қазақ Димаш Құдайберген французша Sos d'un terrien detresse ("Мен неге күлемін, мен неге жылаймын") әнін орындау барысында сөздерді дұрыс айтуы аса жақсы болмағанымен, көрерменге бұл кедергі болмады, ол нағыз от болды. Ол 21 қаңтарда көрсеткен өнерінен кейін әлеуметтік желінің триумфында", - делінген мақалада. Сондай-ақ, "осы уақытқа дейін өз елінде белгілі болса, ал енді қытай жұлдыздары ішінде танымал болған" Димаш Құдайберген жайында Lam Yiceng деген 25 жастағы жанкүйерінің сөзі келтіріледі. "Көптеген қытайлық Қазақстанның кайда екенін білмеген болса, бұдан соң қазақ дегеннің кім екенін білетін болды" дейді жанкүйер.