Әблязовтің ісі сотқа жолданды

Әблязовтің ісі сотқа жолданды

Әблязовтің ісі сотқа жолданды
ашық дереккөзі
Олигарх Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластарына қатысты іс сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасының өкілдеріне сілтеме жасап.  3 наурызда прокурорлар Әблязовқа, Ж.Жарымбетовқа, К.Садықовқа және С.Мәмешке қатысты айыптау актісін бекітті.  Айыптау актілері қылмыстық процестің барлық қатысушысына, соның ішінде Мұхтар Әблязовтің қорғаушысына берілген.  "М.Әблязовтің өзі Қазақстан Республикасынан тыс жерде және шақыртудан жалтарған, осыған байланысты прокуратура осы хабарламаны қылмыстық істің сотқа жолданғанын жариялайды", - делінген прокуратура релизінде. Осыған дейін Мұхтар Әблязов пен оның Қазақстандағы сыбайластарына қатысты соталды тергеу аяқталғаны хабарланған еді. "Алдын ала тергеу жан-жақты, толық әрі әділ өтті, дәлелдеуге жататын барлық жағдай анықталды", - делінген еді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметінің хабарламасында. Айта кетейік, Әблязовқа қылмыстық топ құрып, оған басшылық етті, БТА Банкінің қаражатын жымқырды және жекешелендірді, банк қаражатын заңсыз қолданды және қызметтік өкілін асыра пайдаланды деген күдік келіп отыр. Жалпы шығын сомасы - 7,5 миллиард АҚШ доллары. "Тергеуден жымқырылған қаражаттың халықтың зейнетақы жинағы екені, Қазақстан азаматтарының жеке жинағы екені және шетелдік қаржы институттарының қарызы екені нақтылы анықталды", - делінген Ұлттық бюроның хабарламасында. Сонымен бірге, хабарламада БТА Банкінің қарызын өтеу бойынша міндетті мемлекеттің өз мойнына алғаны айтылған. Еске сала кетейік, 2017 жылдың 2 ақпанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жауап алу үшін Мұхтар Әблязовті Астанаға шақырған болатын. "ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "БТА Банк" АҚ бұрынғы топ-менеджменті М.Қ.Әблязовқа, Ж.Д.Жарымбетовке және өзгелерге қатысты қылмыстық істің соталды тергеуін жалғастырып жатыр. Тергеу барысында Антикоррупция қызметі Әблязов пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің қосымша дәлелдерін тапты. Банктен қаражатты жымқырудың жаңа нұсқалары ашылды. Анықталған деректер Әблязовтің қылмыстық ұйым құрып, оған басшылық еткен деген қосымша күдік келіп отыр. Оның ішінде бірқатар ұйымдасқан қылмыстық топ кіреді, топ Қазақстан территориясында да, шетелде де әрекет еткен", - делінген еді ведомство хабарламасында.