Мирзияевтің президенттік сапары Қазақстаннан басталмақ

Мирзияевтің президенттік сапары Қазақстаннан басталмақ

Мирзияевтің президенттік сапары Қазақстаннан басталмақ
ашық дереккөзі

Өткен жылдың желтоқсанда Өзбекстанның президенті болып сайланған Шавкат Мирзияев әлі елінен жыраққа сапарлаған жоқ. Президент алғашқы іссапарын Қазақстанға  жасамақ. Бұл туралы Өзбекстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов мәлім етті деп хабарлайды Oinet.kz.

"Қазіргі уақытта біз Өзбекстан президентінің Қазақстанға ресми сапарына байланысты дайындық шараларын тыңғылықты жүргізіп жатырмыз. Іссапар таяу араға жоспарланған. Бұл Өзбекстанның жаңа президентінің Қазақстанға жасаған алғашқы сапары. Менің ойымша бұл екі ел арасындағы әріптестікті нығайта түседі",- деді Раматов. Іс-сапардың мерзімі әлі нақты белгілі емес. Болжам бойынша Өзбекстан Президенті Қазақстанға  22-23 наурыз аралығында келуі мүмкін.