Өзбек ақыны Ташкент әуежайына Каримовтың есімін беруге қарсы шықты

Өзбек ақыны Ташкент әуежайына Каримовтың есімін беруге қарсы шықты

Өзбек ақыны Ташкент әуежайына Каримовтың есімін беруге қарсы шықты
ашық дереккөзі

Өзбекстанның халық ақыны Жамол Камол  ел президенті Шавкат Мирзияевтан Ташкенттегі халықаралық әуежайға бірінші президент Ислам Каримовтың есімін беруге қарсы. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.

"Менің пікірімше, Ислам Каримовтың есімін ұлықтау туралы құжат асығыс қабылданған. Каримовтың есімі берілетін нысандар саны өте көп - "мұражайлар, саябақтар, жоғарғы оқу орындары, ескерткіштер, ұйымдар мен көшелер", - деп жазды 77 жастағы ақын.
"Осы орынды ма? Оның есімін Ташкент халықаралық әуежайына беру - артық кеткендік болар", - деді ол Eltuz.com сайтына. Еске сала кетейік, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 25 қаңтарда республиканың алғашқы президенті Ислам Каримовтың есімін ұлықтау туралы жарлыққа қол қойды. Құжат бойынша, елдегі бірқатар нысан мен мекемеге соның аты беріледі. Олардың арасында Ташкент техникалық университеті, Асактағы автомобиль зауыты, Ферғанадағы Өнер сарайы, Ташкенттегі халықаралық әуежай бар. Оның үстіне, президент жарлығына сәйкес, Өзбекстанда жыл сайын Каримовтың туған күні (30 қаңтар) атап өтіледі, ал 2 қыркүйек - Бірінші президентті еске алу күні деп жарияланды. Өзбекстанды 26 жыл билеген Ислам Каримов 2016 жылы 2 қыркүйекте 78 жасында қайтыс болған еді.