Малайзия Солтүстік Кореямен визасыз режимді алып тастады

Малайзия Солтүстік Кореямен визасыз режимді алып тастады

Малайзия Солтүстік Кореямен визасыз режимді алып тастады
ашық дереккөзі
Малайзия билігі қауіпсіздік мақсатында Солтүстік Корея азаматтары үшін визасыз режимді алып тастады деп хабарлады ел премьер-министрінің орынбасары Ахмад Захид Хамиди.
6 наурыздан бастап, Малайзияға барғысы келетін Солтүстік Корея азаматтары міндетті түрде виза алу керек болады. 14 ақпанда Куала-Лумпур әуежайында Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның ағасы Ким Чен Намды улап өлтірген. Қылмысқа қатысы бар деп он адам күдікке ілінген. Оның төртеуі ұсталған. Қамауға алынған Вьетнам және Индонезия азаматтарына айып тағылды. Олар өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды. Ким Чен Нам Солтүстік Кореяның бұрынғы лидерінің үлкен ұлы болған. Өмірінің соңғы жылдарында ол шетелде тұрып, Пхеньян билігін сынап келген. Оңтүстіккореялық БАҚ-тың мәліметі бойынша, оны өлтіруге тапсырыс берген Солтүстік Кореяның арнайы қызметі болуы мүмкін.