Өткен жылы ОҚО-да 22 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі өндірілген

Өткен жылы ОҚО-да 22 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі өндірілген

Өткен жылы ОҚО-да 22 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі өндірілген
ашық дереккөзі
Шымкенттегі  «Химфарм» зауыты өткен жылы 22 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, оның 70 пайызын шетелге экспорттаған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.  Парламент Мәжілісі бюросының шешімі бойынша құрылған арнайы комиссия Оңтүстік Қазақстан облысындағы отандық дәрі-дәрмек өндіретін бірнеше кәсіпорынды аралады. Депутаттар Қазақстанда өндірілген фармацевтикалық препараттар халықтың қажеттілігін толық өтей алмай отырғанын жеткізді.Облысқа арнайы келген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрайымы Лариса Пактың  сөзінше, ел нарығындағы дәрі-дәрмектердің сапасын қатаң тексеру үшін мықты заңдық жүйе керек. Министрлік өкілінің пайымынша, Қазақстанда сатылатын дәрі-дәрмектердің атауы 70 мыңға жуық. Ал, оның 54 пайызы ғана тексеріліп үлгеріледі. Дәрі-дәрмекке сұраныс артқан сайын Қазақстандағы фармацевтика саласына  шетелдік трансұлттық компаниялар көптеп еніп жатыр. Бұл қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындардың тынысын тарылтуда.  Сондықтан, Үкімет алдындағы міндетті меже - отандық дәрі-дәрмектер үлесін  50 пайызға жеткізу болып отыр. Бір айта кетерлігі, соңғы 3 жылда ОҚО-ның фармацевтикалық әлеуеті 2 есеге артқан. Осыдан 20 жыл бұрын елде фармацевтика кластерін дамытуға баса мән берген Елбасы бұл саланы жіті бақылауда. Сол себепті, 2017 жылы күнгейлік кәсіпкерлер 5 жобаны іске қосуға ниетті. Бір ғана «Химфарм» АҚ заманауи стандартқа сәйкес келетін қатты дәрілік формалар мен стерильді емес ерітінділердің жаңа түрін өндірмекші. Айта кетейік, өңірде 1655-ке тарта дәріхана бар. Алайда 836 елді мекеннің 230-ында дәріханалар тапшылығы сезіледі. Фармацевтика саласының мамандары 18 ірі дәріханалар жүйесінің басшыларына осы мәселені алдағы бір жылда толық шешуді тапсырды.