Өзбекстанда "Дайди" фильмін көрсетуге тыйым салды

Өзбекстанда "Дайди" фильмін көрсетуге тыйым салды

Өзбекстанда "Дайди" фильмін көрсетуге тыйым салды
ашық дереккөзі
"Өзбеккино" ұлттық агенттігі Timur Film компаниясы түсірген "Дайди" (Қаңғыбас) фильмін көрсетуге тыйым салды. Компания көркем фильмді жарнамалау кезінде бірқатар авторлық құқықты бұзған.
Атап айтқанда, фильмнің трейлерінде, баннерлері мен билеттерінде әйгілі америкалық әртіс Фримен Морганның бейнесі пайдаланылған. Бірақ әртісті көрсету құқығы өзбекстандық компанияда жоқ болып шықты. Timur Film компаниясы өзі түсірген фильмге көпшіліктің қызығушылығын арттыру үшін көркем туындыға қатыспаған голливудтық әртісті көрсетіп, сол арқылы көрермен құқығын бұзған. Соған байланысты "Өзбеккино" агенттігі Зияткерлік меншік жөніндегі агенттікке ресми арыз түсірді. Бұл іске қатысты шешім шығарылғанша "Дайди" фильмі республика кинотеатрларында көрсетілмейді.