Германияда жаңа президент сайланды

Германияда жаңа президент сайланды

Германияда жаңа президент сайланды
ашық дереккөзі
Германияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер елдің 12-ші президенті атанды. Германия президентін Федералды жиын мүшелері сайлайды.  Олардың 630-ы Бундестаг депутаттары болса, қалғаны федералды аймақтардың өкілі. Дауыс беру кезінде экс-министрді жиын мүшелерінің 931-қолдады. Штайнмайер елдің Сыртқы істер министрі қызметін 2013 жылдан бері атқарып келген.  Алайда 27 қаңтарда президенттік таласқа түсуі үшін министрліктен кеткен болатын. Ол сайлауға «Христиан демократиялық одағы» мен Социал-демократиялық партиясы атынан түскен.