Париж билігі Эйфель мұнарасын террористерден қорғамақ

Париж билігі Эйфель мұнарасын террористерден қорғамақ

Париж билігі Эйфель мұнарасын террористерден қорғамақ
ашық дереккөзі
Париж билігі Эйфель мұнарасы айналасына оқ өтпейтін шыны қорған тұрғызбақ деп хабарлайды Reuters агенттігі Париж әкімдігінің дереккөзіне сілтеме жасап.
Құрылыс күзге қарай аяқталуға тиіс деген шенеуніктер Le Parisien газетіне. Эйфель мұнарасы айналасында қазір темір қоршау бар. Оны Футболдан Еуропа біріншілігін өткізген кезде уақытша деп қойған. Бірақ футбол жанкүйерлері арасында жаппай тәртіпсіздік орын алған кезде, олар темір қоршаудан секіріп өтіп кеткен. Енді жаңа оқ өтпейтін шыны қорғанның биіктігі 2,5 метр болады. Жобаға сәйкес, оның құны 20 млн еуро болады екен. Бірақ бұл жобаны арнайы комиссия бекітіп, қоршаған ортаны қорғау министрлігі мақұлдау керек. Жобада мұнара маңындағы жаяу жолдарды да қайта құрмақ. Құрылыс кезінде кейбір 324-метрлік жолдар толығымен жабылады. "Бұл құрылыс кезінде Эйфель мұнарасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, біз қазір Францияның ең беделді архитекторларынан кеңес алып жатырмыз. Барлық өзгерістер алдын ала хабарланады", — деді Париж мэрінің туризм жөніндегі орынбасары Жан-Франсуа Мартинс. Мұнараға әлемнің әр түкпірінен жылына жеті миллион адам келеді. 2015 жылдың қараша айында Парижде теракті болып, 130 адам қайтыс болған.