Қаңтардан бері Еуропаға 11 мың босқын өткен

Қаңтардан бері Еуропаға 11 мың босқын өткен

Қаңтардан бері Еуропаға 11 мың босқын өткен
ашық дереккөзі
Жыл басынан бері Жерорта теңізі арқылы 11 мыңнан астам босқындар Еуропаға жеткен. Бұл туралы Халықаралық көші-қон орталығына сілтеме жасап РИА Новости хабарлады. Бұған дейін көші-қон орталығы 2016 жылы Жерорта теңізі арқылы Еуропаға өткісі келген 5 мың мигранттың қаза тапқанын, 363 мың адамның Еуропа елдеріне жеткенін хабарлаған еді. Соңғы деректер бойынша, биылғы 5 ақпанға дейін 11010 босқындар мен мигранттар Еуропаға өткен. Оның 85% - Италияға бағыт алса, қалғаны - Грекияда қалған. Өткен жылы дәл осындай кезеңде Еуропаға 74808 адам өткен еді. Ұйым 255 мигранттың жолда қаза тапқанын және олардың түрлі бағытқа бет алғанын анықтады. Өткен жұмада Мальтада өткен ЕО мемлекет басшыларының саммиті Орталық-Жерорта жолдары арқылы мигранттардың ЕО-ға заңсыз келуін тоқтату үшін Ливияға көмек беру туралы шешім қабылдады. Бұл бағыт бойынша 2016 жылы Еуроодаққа 181 мыңнан астам адам келген. Ал теңізде қаза тапқан және жоғалғандар саны 2013 жылдың рекордын бұзды. 2017 жылдың алғашқы екі айында да 200-ден астам адам мерт болып үлгерген. Бүгінде  Ливия – Орталық-Жерорта теңізі арқылы мигранттар өтетін негізгі ел.